2017 жылдың 10 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында барлық қалада өткізілген «Сәлем, Астана 2017» жобасына қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Бұл қалай жұмыс істейді

Сөйлескің келетін ғимараттың мекен-жайын біл

Көшенің атауы мен үйдің нөмірін біл

Facebook Messenger ашыңыз

Facebook Messeger-ін ашып, SALEMASTANA2017 чатын тап

Сәлем де!

«Сәлем КӨШЕНІҢ АТЫ #ҮЙ НӨМІРІ» мәтінін жібер. Мысалы: «Сәлем Самал #7»

Ақпарат

Өзің тұратын қалаңмен сөйлескен қалай екен, деген ойлар болды ма сенде?

Әлемнің қалаларына жан бітіп, олар өз тұрғындарымен сөйлесіп жатыр (Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, Франция және АҚШ). Енді Астана аудандары да жанданды және өздері туралы бәрін білгісі келеді. Таңертең тұрғындар қайда асығады? Достармен кездесіп, көңіл көтеретін ең жақсы орын қайда? Бұл жерде бұрын не болды? Әркімнің болашаққа деген арманы қандай?

Көбірек ақпарат

Көбінесе жазуларға назар аудармаса да, қала бойынша жоғарыда ілінген мыңдаған белгілер бар. Сәлем Астана сені өз үйіңді жаңа жақтан көруге шақырады.

Біз Астананың белгілерін ұрлап/иемденім алып, оларды ерекше тәсілмен қолданамыз. Бұл әлеуметтік желілердегі хештегтер (#) сияқты жұмыс істейді, әрбір көше атауы мен нөмірді нақты тақырып бойынша әңгімелесу үшін қолдана аламыз - бұл жағдайда, өте нақты орындар қолданылады.

Сен саған ұнайтын нәрселермен, өз пікіріңмен, естеліктеріңмен және болашақ жоспарларыңмен бөлісе аласың. Жақын көршілеріңнің не ойлайтынын, не ұнататынын біле аласың. Бәлкім, сен үйің туралы бұрын ешқашан білмеген бір нәрсе білерсің! Мүмкін, сен оның мәңгілікке өзгергенін байқарсың!

Қарым-қатынас әңгіме түрінде өтеді. Астана аудандары алғаш рет оянды және оларды айналасындағы әлем қызықтырады. Оларда көптеген сұрақтар бар, және жауаптар үшін оларға сенің көмегің қажет. Кейбір аудандар өздері туралы шамалы біледі, олардың белгілі бір тақырыптар бойынша сұрақтары бар - сол жерлерді тап!

Біз Туралы

“Сәлем Астана” туралы

Сәлем Астана Британдық Кеңес тапсырысы бойынша, Қаланы дамыту орталығы мен Астана қаласының қолдауымен жасалған.

Ол The Playable City, Watershed Arts Trust компаниясының сауда таңбасымен, шығарылған.

Сәлем Астана - PAN студиясы ойлап тапқан Hello Lamp Post жоба жинағының бір бөлігі. Hello Lamp Post жобасы алғаш рет Watershed компаниясының Playable City 2013 сыйлығы үшін жасалды және Бристоль қаласында 8 апта бойы жалғасты. Жобаны Том Армитидж және Дьёрдь Галик жасады.

Егер сенде жоба туралы сұрақтарың бар болса, бізбен хабарлас.

хабарласу

Hello Lamp Post Brighton, 2016

2016 жылдың қыркүйегінде Брайтон Диджитал фестивалі аясында біз көше жиһазын жандандырдық.

Hello Lamp Post Austin, 2015

SXSW фестивалі аясында 2015 жылдың наурыз айында біз Hello Lamp Post жобасын Остин қаласына алып келдік

Hello Lamp Post Singapore, 2015

2015 жылдың қазан айында SG50 аясында Hello Lamp Post жобасын Сингапур қаласына алып келдік

Hello Lamp Post Bristol, 2013

Hello Lamp Post жобасы Бристоль қаласында 2013 жылы алғаш рет көрсетілді, онда сегіз апта ішінде 25,000 хабарлама жіберілді